Қырғыз Республикасындағы ЕАЭО депозиттерді сақтандырушыларының халықаралық іс-шаралары
Қырғыз Республикасында Ыстықкөл к. 2026 жылғы 12-13 тамызда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің депозиттерді сақтандырушылары үшін халықаралық іс-шаралар өтті. Халықаралық іс-шаралар өз ішіне ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің салымдарды сақтандыру ұйымдары басшылары кеңесінің (бұдан әрі – Басшылар кеңесі), Еуразиялық экономикалық комиссияның Қаржы нарықтары жөніндегі консультативтік комитеті жанындағы Еуразиялық экономикалық одақ аумағында банктік салымдарды (депозиттерді) сақтандыру (кепілдендіру), кредиттік ұйымдарды тарату, қаржылық сауықтыру және банкроттау саласындағы заңнаманы үйлестіру жөніндегі сараптама тобының (бұдан әрі – Сараптама тобы) және Басшылар кеңесі жанындағы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің депозиттерді сақтандырушыларын цифрландыру саласындағы өзара іс-қимыл жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі — Жұмыс тобы) отырыстарын қамтыды.
Басшылар кеңесінің отырысы шеңберінде ЕАЭО елдері мен Өзбекстан Республикасының депозиттерді сақтандырушыларының басшылары банк секторы мен салымдарды сақтандыру жүйелеріндегі ахуал туралы ақпаратпен, сондай-ақ 2026-2027 жылдары бірлескен практикалық семинарларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі жоспарлармен алмасты.
Сараптама тобының отырысында депозиттерді сақтандырушылардың өкілдері «Депозиттерді сақтандыру ұйымдарына қатысты салық саясаты» параметрі бойынша сараптамалық қорытындыны қайта талқылады, сондай-ақ келесі параметрлер бойынша сараптамалық қорытындылардың ревизияларын қарады:
- «Банктің төлем қабілетсіздігі және оны банкрот деп тану негіздері»;
- «Уақытша әкімшілікті тағайындау»;
- «Банктің банкроттығына қатысы бар адамдарды жауапкершілікке тарту және осы процестегі депозиттерді сақтандырушының рөлі».
Жұмыс тобының отырысы барысында қатысушылар IT-сектордағы кадр тапшылығын еңсеру тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ дөңгелек үстел форматында депозиттерді сақтандырушылардың жұмысына жасанды интеллект технологияларын енгізу перспективаларын талқылады.
Халықаралық іс-шараларға ЕАЭО-ға қатысушы елдердің депозиттерді сақтандырушылары мен ұлттық банктерінің, Өзбекстан Республикасының Салымдарды кепілдендіру агенттігінің, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері қатысты.