ЕАЭО елдерінің депозиттерді сақтандырушылары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды – ЕАЭО ақпараттық порталы Депозиттерді қорғау туралы

ЕАЭО елдерінің депозиттерді сақтандырушылары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

11.12.2025 сағат 21:40

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің салымдарды (депозиттерді) сақтандыру (кепілдік беру) ұйымдары 2025 жылғы 10 желтоқсанда жаңа Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 2019 жылы жасалған бұрынғы келісім 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін жарамды.

Құжат атқарылған жұмыс нәтижелерін бекітуге, ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындауға және одан әрі өзара іс-қимыл жасау үшін құқықтық әрі ұйымдастырушылық база құруға мүмкіндік береді.

Іс-шара Мәскеуде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің банк салымдарын (депозиттерін) сақтандыру ұйымдары басшылары Кеңесінің отырысы шеңберінде, Еуразиялық экономикалық комиссия мен Өзбекстан Республикасының салымдарға кепілдік беру агенттігінің қатысуымен өтті.

Меморандумға Армения Республикасының салымдарды өтеуге кепілдік беру қорының директоры Эрмине Арутюнян, Беларусь Республикасының «Жеке тұлғалардың банктік салымдарына (депозиттеріне) кепілдік берілген өтем агенттігі» мемлекеттік мекемесінің бас директорының міндетін атқарушы Светлана Лега, «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының төрағасы Әділ Өтембаев, Қырғыз Республикасының Депозиттерді қорғау агенттігінің атқарушы директоры Қадырбек Бүкүев және Ресей Федерациясының Салымдарды сақтандыру агенттігінің бас директорының міндетін атқарушы Мария Филатова қол қойды.