Мәскеуде ЕАЭО елдерінің депозиттерді сақтандырушыларының халықаралық іс-шаралары өтті
Сараптамалық топтың отырысы – Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) аумағында банк салымдарын (депозиттерін) сақтандыру (кепілдік беру), кредиттік ұйымдарды тарату, қаржылық сауықтыру және банкроттық саласындағы заңнаманы үйлестіру жөніндегі, Еуразиялық экономикалық комиссияның Қаржы нарықтары жөніндегі консультативтік комитеті жанындағы отырыс 2025 жылғы 9–10 желтоқсанда өтті.
ЕАЭО елдерінің депозиттерді сақтандырушыларының өкілдері салымдарды сақтандыру жүйелеріне қойылатын талаптар саласында Одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру бойынша келісілген ұсыныстарды бекітті, бұл ЕАЭО ортақ қаржы нарығын қалыптастыру жолындағы маңызды белес болып табылады.
Отырысқа қатысушылар келесі сараптамалық қорытындылардың жобаларын қайта қарады:
— «Салымдарды сақтандыру жүйесіндегі тәуекелдерді басқару, салымдарды сақтандыру жүйесін стресс-тестілеу» (баяндамашы – Қырғыз Республикасының Депозиттерді қорғау агенттігі);
— «Депозиттерді сақтандырушы қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету жүйесі» (баяндамашы – Қырғыз Республикасының Депозиттерді қорғау агенттігі);
— «Салымдарды (депозиттерді) сақтандыру (кепілдік беру) ұйымындағы процестік басқару және ішкі бақылау жүйесі» (баяндамашы – Ресей Федерациясының Салымдарды сақтандыру агенттігі).
Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар депозиттерді сақтандыру саласындағы халықаралық құжаттарға жүргізілген тексеру туралы айтып берді:
— ДСХҚ (IADI) қағидаттарының жаңа редакциясы (баяндамашы – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры);
— ЕО директиваларының жаңа редакциялары (баяндамашы – Ресей Федерациясының Салымдарды сақтандыру агенттігі).
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің салымдарды сақтандыру ұйымдары Басшылары кеңесінің отырысы 2025 жылғы 10 желтоқсанда өтті. ЕАЭО елдері мен Өзбекстан Республикасының депозиттерді сақтандырушыларының басшылары банк секторындағы және салымдарды сақтандыру жүйелеріндегі ахуал туралы ақпарат алмасты.
Ресей Федерациясының Салымдарды сақтандыру агенттігінің өкілдері Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдері мен ЕАЭО мемлекеттерінің депозиттерге кепілдік беру ұйымдары арасындағы диалог алаңы қызметін атқаратын депозиттерді қорғау туралы ақпараттық порталды жетілдіру жөнінде айтып берді.
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің депозиттерді сақтандырушыларын цифрландыру саласындағы өзара іс-қимыл жөніндегі Жұмыс тобының отырысы 2025 жылғы 10 желтоқсанда өтті.
Арменияның салымдарды өтеуге кепілдік беру қоры мен Қырғыз Республикасының Депозиттерді қорғау агенттігі депозиттерді сақтандырушыларды цифрландыру тақырыбы бойынша IADI және EFDI жарияланымдары туралы баяндамалар ұсынды.
Дөңгелек үстел форматында қатысушылар жасанды интеллект технологияларын депозиттерді сақтандырушылардың жұмысына енгізу перспективаларын және электрондық төлемдер жағдайында агент-банктердің келешегін талқылады.
Бұдан басқа, Жұмыс тобының 2026 жылға арналған Жұмыс жоспарын талқылау өтті.