Цифрландыру жөніндегі жұмыс тобының 2025 жылғы төртінші отырысы өтті
Бейнеконференцбайланыс форматында 2025 жылғы 21 қазанда Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) депозиттерді сақтандырушыларын цифрландыру саласындағы өзара іс-қимыл жөніндегі жұмыс тобының он алтыншы отырысы өтті.
Отырыс қатысушылары салымдарды сақтандыру ұйымындағы кадрлық жүйені цифрландыру мәселелерін талқылады. Ресей Федерациясының Салымдарды сақтандыру агенттігінің өкілдері кадрлық электрондық құжат айналымы жүйесін енгізу жөніндегі өз тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар Жұмыс тобының мүшелері келесі отырыстың күн тәртібін талқылады және Жұмыс тобының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын әзірлеу туралы келісті.