2025 жылғы қазанда үйлестіру жөніндегі Сараптамалық топтың отырыстары өтті
Бейнеконференция форматында 2025 жылғы 15, 16 және 23 қазанда Еуразиялық экономикалық комиссияның Қаржы нарықтары жөніндегі консультативтік комитеті жанындағы Еуразиялық экономикалық одақ аумағындағы кредиттік ұйымдардың банк салымдарын (депозиттерін) сақтандыру (кепілдік беру), тарату, қаржылай сауықтыру және банкроттық саласындағы заңнаманы үйлестіру жөніндегі сараптамалық топтың (бұдан әрі – Сараптамалық топ) кезекті отырыстары өтті.
Сараптамалық топ отырысы барысында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің халықтың салымдарын (депозиттерін) сақтандыру (кепілдік беру) жүйелерінің жұмыс істеуіне қатысты заңнаманы үйлестіру жөніндегі келісілген ұсыныстар жобасының мына тармақтары қаралды және бекітілді:
- 4-тарау. Салымдарды сақтандыру жүйесі қаражатының көздері мен оларды пайдалану бағыттары
- 5-тарау. Салымдарды сақтандыру жүйесі туралы жұртшылықты хабардар ету