Ресейде ұзақ мерзімді салымдар бойынша сақтандыру өтемінің лимиті ұлғайтылды – ЕАЭО ақпараттық порталы Депозиттерді қорғау туралы

Ресейде ұзақ мерзімді салымдар бойынша сақтандыру өтемінің лимиті ұлғайтылды

01.09.2025 сағат 15:19

Мерзімі 3 жылдан асатын, кері қайтарылмайтын жинақ сертификаттарымен куәландырылған салымдар бойынша сақтандыру өтемінің шекті мөлшері екі есеге – 2,8 млн рубльге дейін ұлғайтылды.

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин 2025 жылғы 31 шілдеде «Ресей Федерациясының банктеріндегі салымдарды сақтандыру туралы» Федералдық заңға өзгерістер енгізу туралы» № 347-ФЗ тиісті заңға қол қойды. Құжат ресми жарияланған күнінен кейін 90 күн өткен соң күшіне енеді.

Заңнамалық өзгерістер азаматтар үшін ұзақ мерзімді жинақтардың тартымдылығын арттыруға бағытталған, сондай-ақ экономикадағы басым жобаларды қаржыландыру үшін қажетті «ұзақ» ақшаны банк секторына тартуға ықпал етеді.