2025 жылғы қыркүйекте үйлестіру жөніндегі Сараптамалық топтың отырыстары өтті
Бейнеконференцбайланыс форматында 2025 жылғы 17, 18 және 25 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссияның Қаржы нарықтары жөніндегі консультативтік комитеті жанындағы Еуразиялық экономикалық одақ аумағындағы кредиттік ұйымдардың банк салымдарын (депозиттерін) сақтандыру (кепілдік беру), тарату, қаржылай сауықтыру және банкроттық саласындағы заңнаманы үйлестіру жөніндегі сараптамалық топтың кезекті отырыстары өтті.
Отырыс барысында Сараптамалық топтың 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына өзгерістер енгізілді.
Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің халықтың салымдарын (депозиттерін) сақтандыру (кепілдік беру) жүйелерінің жұмыс істеуіне қатысты заңнаманы үйлестіру жөніндегі келісілген ұсыныстар жобасының мына тармақтары қаралды және келісілді:
- 2-тарау. Сақтандыру өтемінің мөлшері
- 3-тарау. Сақтандыру өтемін төлеу мерзімдері