2025 жылғы 10-11 қыркүйекте Беларусь Республикасында Еуразия өңірінің салымдарды сақтандырушыларына арналған практикалық семинар өтті – ЕАЭО ақпараттық порталы Депозиттерді қорғау туралы

2025 жылғы 10-11 қыркүйекте Беларусь Республикасында Еуразия өңірінің салымдарды сақтандырушыларына арналған практикалық семинар өтті

26.09.2025 сағат 09:04

Еуразия өңірі елдерінің салымдарды сақтандыру ұйымдарының өкілдері Беларусь Республикасының Ұлттық банкінің Оқу орталығында 2025 жылғы 10-11 қыркүйекте Беларусь Республикасының жеке тұлғалардың банк салымдарына (депозиттеріне) кепілдік беру агенттігі ұйымдастырған семинарда банк салымшылары мен кредиторларының мүдделерін қорғау тәжірибесімен бөлісті.

Практикалық семинарда негізгі баяндамалар тыңдалды және 3 панельдік сессия өткізілді.

Негізгі баяндамалар:

  1. «Беларусь Республикасы үшін жүйелік қаржылық күйзелістің композиттік индикаторы» (баяндамашы – Беларусь Республикасының Ұлттық банкі);
  2. «Беларусь Республикасының депозиттерді сақтандырушысының 2025-2030 жылдарға арналған даму стратегиясын іске асыру аясындағы талдамалық қызметін дамыту» (баяндамашы – Беларусь Республикасының жеке тұлғалардың банк салымдарына (депозиттеріне) кепілдік беру агенттігі).

«Банктердің тәуекелдерін бағалау және банктердің депозиттерді сақтандырушылардың резервіне жарналарын саралау жөніндегі талдамалық қызмет» атты 1-сессия аясында келесі елдік баяндамалар тыңдалды:

  1. «ХДСҚ (IADI) ұсынымдары және сараланған жарналар жүйесін енгізу мен қолдану бойынша халықаралық тәжірибе» (баяндамашы – Армения Республикасының салымдарды өтеуге кепілдік беру қоры)
  2. «Беларусь Республикасында қолданыстағы банктердің тәуекелдерін бағалау және сараланған мөлшерлемелер негізінде күнтізбелік жарналар мөлшерін есептеу жүйесі» (баяндамашы – Беларусь Республикасының жеке тұлғалардың банк салымдарына (депозиттеріне) кепілдік беру агенттігі)
  3. «Банктердің депозиттерге кепілдік беру жүйесіне сараланған жарналары: тәуекелдерді бағалау және банктердің орнықтылығы» (баяндамашы – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры)
  4. «Қатысушы банктердің тәуекелдерін бағалау негізінде сараланған жарналарды есептеу әдістемесін әзірлеу» (баяндамашы – Қырғыз Республикасының депозиттерді қорғау агенттігі)

«Сақтандыру жағдайларының туындау ықтималдығын анықтау мақсатында банктердің қаржылық жағдайын бағалау. Банктерде дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде шешімдер қабылдауды талдамалық қамтамасыз ету (өтем төлей отырып банкроттық пен проблемалық банкті қаржылай сауықтыруға/реттеуге салымдарды сақтандырушының қатысуымен оның алдын алуға бағытталған шараларды қолдану арасындағы таңдау)» атты 2-сессия аясында келесі елдік баяндамалар қаралды:

  1. ««Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ның P&A (Purchase and Assumption) қолдану орындылығын бағалауға тәсілдері» (баяндамашы – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры);
  2. «Ресей Федерациясында сақтандыру жағдайларының туындау ықтималдығын бағалау» (баяндамашы – «Салымдарды сақтандыру агенттігі» мемлекеттік корпорациясы, Ресей Федерациясы);

«Депозиттерді сақтандырушы резервінің жеткіліктілігін талдау, оның жай-күйін стресс-тестілеу, резерв серпінін және оған банк жарналарының әсерін болжау» атты 3-сессия аясында келесі елдік баяндамалар тыңдалды:

  1. «ССА-ның (АСВ) Міндетті салымдарды сақтандыру қоры қаражатының жеткіліктілігін бағалаудағы тәжірибесі» (баяндамашы – «Салымдарды сақтандыру агенттігі» мемлекеттік корпорациясы, Ресей Федерациясы);
  2. «Армения Республикасындағы міндетті жарналар жүйесі және Қордың резервті қалыптастыру мен оның жеткіліктілігін анықтауға тәсілдері» (баяндамашы – Армения Республикасының салымдарды өтеуге кепілдік беру қоры);
  3. «Салымдарды сақтандыру агенттіктерінің резервтерін стресс-тестілеу әдістемелері: халықаралық тәжірибе»  (баяндамашы – Қырғыз Республикасының депозиттерді қорғау агенттігі);
  4. «Беларусь Республикасының депозиттерді сақтандырушысы қолданатын күнтізбелік жарналарды болжау әдістері және резерв пен банктердің жиынтық есеп айырысу базасы арақатынасы серпінінің өзекті мәселелері» (баяндамашы – Беларусь Республикасының жеке тұлғалардың банк салымдарына (депозиттеріне) кепілдік беру агенттігі);
  5. «Депозиттерді сақтандыру қорының қаржылық орнықтылығы: резервтің жеткіліктілігі, стресс-тестілеу және серпін болжамы» (баяндамашы – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры).

Семинарда сондай-ақ «Өзбекстанның салымдарға кепілдік беру жүйесі» баяндамасымен Өзбекстан Республикасының Банктердегі азаматтардың салымдарына кепілдік беру қорының өкілдері сөз сөйледі.