ЕАЭО депозиттерді сақтандырушыларын цифрландыру жөніндегі Жұмыс тобының отырысы өтті
15.08.2025 сағат 09:58
Бейнеконференцбайланыс форматында 2025 жылғы 13 тамызда Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) депозиттерді сақтандырушыларын цифрландыру саласындағы өзара іс-қимыл жөніндегі Жұмыс тобының он бесінші отырысы өтті.
Беларусь Республикасының депозиттерге кепілдік беру агенттігінің өкілдері банктердің төлем қабілеттілігін талдау, Агенттік мақсаттары үшін тәуекелдерді анықтау және бағалау тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар Жұмыс тобының мүшелері келесі отырыстың күн тәртібін талқылады және оны 2025 жылғы 14 қазанда өткізу туралы келісті.