2025 жылғы 17 шілдеде Дилижанда Сараптамалық топтың отырысы өтті
Еуразиялық экономикалық комиссияның Қаржы нарықтары жөніндегі консультативтік комитеті жанындағы Еуразиялық экономикалық одақ аумағындағы кредиттік ұйымдардың банк салымдарын (депозиттерін) сақтандыру (кепілдік беру), тарату, қаржылай сауықтыру және банкроттық саласындағы заңнаманы үйлестіру жөніндегі сараптамалық топ қызметі аясында 2025 жылғы 17 шілдеде Дилижан қаласында (Армения Республикасы) кезекті отырыс өтті, оның ұйымдастырушысы Арменияның салымдарды өтеуге кепілдік беру қоры болды.
Сараптамалық топ отырысы аясында мына мәселелер талқыланды:
- «Салымдарды сақтандыру жүйесінде тәуекелдерді басқару және салымдарды сақтандыру жүйесін стресс-тестілеу» және «Депозиттерді сақтандырушы қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету жүйесі» сараптамалық қорытындысы (бастапқы қарау);
- «Салымдарды (депозиттерді) сақтандыру (кепілдік беру) жөніндегі ұйымдағы процестік басқару және ішкі бақылау жүйесі» сараптамалық қорытындысы (бастапқы қарау);
- Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің халықтың салымдарын (депозиттерін) сақтандыру (кепілдік беру) жүйелерінің жұмыс істеуіне қатысты заңнаманы үйлестіру жөніндегі келісілген ұсыныстар.
Іс-шараға ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Өзбекстан Республикасының депозиттерді сақтандыру (кепілдік беру) ұйымдарының және қаржы реттеушілерінің өкілдері, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері қатысты.