2025 жылғы 18 шілдеде Дилижанда Армения қорының 20 жылдығына орай панельдік сессия өтті – ЕАЭО ақпараттық порталы Депозиттерді қорғау туралы

2025 жылғы 18 шілдеде Дилижанда Армения қорының 20 жылдығына орай панельдік сессия өтті

24.07.2025 сағат 14:50

«Қаржылық тұрақтылықтағы салымдарды сақтандыру (кепілдік беру) жүйесінің рөлі» тақырыбындағы панельдік сессия 2025 жылғы 18 шілдеде Дилижан қаласында (Армения Республикасы) өтті. Іс-шараны Армения Республикасының салымдарды өтеуге кепілдік беру қоры ұйымдастырды және ол Арменияда салымдарға кепілдік беру жүйесінің құрылғанына 20 жыл толуына арналды. Іс-шараға он елдің өкілдері қатысты.

  • Армения Республикасының салымдарды өтеуге кепілдік беру қорының директоры Эрмине Арутюнян және Армения Республикасы Орталық банкінің төрағасы Мартин Галстян сессияны ашып, оған қатысушыларды қарсы алды.
  • Ресей Федерациясының «Салымдарды сақтандыру агенттігі» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Андрей Мельников Ресейдегі қаржылық тұрақтылықты қолдаудағы салымдарды сақтандыру жүйесінің рөлі туралы баяндама жасап, ұзақ мерзімді салымдар бойынша сақтандыру өтемінің шекті мөлшерін арттыруға байланысты заңнамадағы жаңалықтар туралы айтып берді.
  • Беларусь Республикасының жеке тұлғалардың банк салымдарына (депозиттеріне) кепілдік берілген өтем төлеу агенттігі бас директорының орынбасары Юрий Липницкий мемлекеттің қаржылық тұрақтылығын қолдау жүйесіндегі Агенттіктің рөлі туралы айтты.
  • Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры Төрағасының орынбасары Бота Ақбаева Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қолдаудағы салымдарды сақтандыру жүйесінің рөлі туралы, атап айтқанда, салымдарды сақтандыру жүйесіне қатысушы банктердің жарна мөлшерлемелерін белгілеу механизміне жүргізілген реформаның депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелер деңгейіне әсері туралы айтып берді.
  • Грузияның Депозиттерді сақтандыру агенттігінің басшысы Леван Тодуа сессия қатысушыларына Депозиттерді сақтандыру агенттігінің жұмысы және Грузияның салымдар нарығы туралы ақпарат ұсынды.
  • Венгрияның Ұлттық депозиттерді сақтандыру қорының бас директоры Андраш Комар депозиттерді сақтандырушының қаржылық тұрақтылықты қолдау жүйесінің басқа қатысушыларымен өзара іс-қимылы туралы баяндама жасады. Осы тақырып бойынша Еуропалық депозиттерді сақтандырушылар форумының (EFDI) құжаты ұсынылды, оның авторларының бірі Комар мырза болып табылады.
  • Армения Республикасы Орталық банкінің Оқу-зерттеу орталығының өкілдері дағдарыс кезеңдеріндегі депозиттерге кепілдік беру жүйесінің рөлін зерттеу нәтижелерін ұсынды. Арменияның тәжірибесі көрсеткендей, алдыңғы дағдарыстар салымшылардың жинақтаушы мінез-құлқына айтарлықтай әсер етеді.
  • Италиялық «DIAMAN Tech» финтех-компаниясының бас директоры Майкл Занон салымдарды сақтандыру жүйесінің инвестициялық портфелінің стратегиялық орнықтылығын арттыруға арналған интеграцияланған стресс-тесттер мен симуляция модельдеріне арналған таныстырылым жасады. Ол депозиттерді сақтандырушының инвестициялық портфелінің орнықтылығының маңызды мәнін және операциялық лимиттерді бақылауды бухгалтерлік есептілікке негізделген бағалау механизмімен біріктіретін икемді әрі ауқымды платформаны пайдалану қажеттілігін атап өтті.