2025 жылғы 19 маусымда заңнаманы үйлестіру жөніндегі Сараптамалық топтың отырысы өтті
19.06.2025 сағат 15:35
2025 жылғы 19 маусымда Еуразиялық экономикалық комиссияның Қаржы нарықтары жөніндегі консультативтік комитеті жанындағы Еуразиялық экономикалық одақ аумағындағы кредиттік ұйымдардың банк салымдарын (депозиттерін) сақтандыру (кепілдік беру), тарату, қаржылай сауықтыру және банкроттық саласындағы заңнаманы үйлестіру жөніндегі сараптамалық топтың (бұдан әрі – Сараптамалық топ) отырысы өтті. Отырыс бейнеконференцбайланыс форматында өтті.
Сараптамалық топ отырысы барысында:
- ЕАЭО-ның Депозиттерді қорғау туралы ақпараттық порталындағы жаңартулар ұсынылды, оны одан әрі толықтыру мақсатында жұмыс тобы құрылды;
- 2025 жылғы 17-18 шілдеде Дилижан қаласында (Армения Республикасы) өтетін Сараптамалық топтың келесі отырысының күн тәртібі талқыланды;
- Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің халықтың салымдарын (депозиттерін) сақтандыру (кепілдік беру) жүйелерінің жұмыс істеуіне қатысты заңнаманы үйлестіру жөніндегі келісілген ұсыныстарды (Ұсыным) дайындау шеңберінде ЕАЭО-ға мүше елдердегі сақтандыру өтемінің мөлшеріне қойылатын ең төменгі талаптарға қатысты ұсынымдар талқыланды.