2025 жылғы 21-22 мамырда Минскіде Сараптамалық топтың отырысы өтті
Еуразиялық экономикалық комиссияның Қаржы нарықтары жөніндегі консультативтік комитеті жанындағы Еуразиялық экономикалық одақ аумағындағы кредиттік ұйымдардың банк салымдарын (депозиттерін) сақтандыру (кепілдік беру), тарату, қаржылай сауықтыру және банкроттық саласындағы заңнаманы үйлестіру жөніндегі сараптамалық топ қызметі аясында 2025 жылғы 21-22 мамырда Минск қаласында (Беларусь Республикасы) кезекті отырыс өтті, оның ұйымдастырушысы Беларусь Республикасының депозиттерге кепілдік беру агенттігі болды.
Сараптамалық топ отырысы аясында:
- «Өтінішті онлайн және өтінішсіз тәртіппен берген кезде өтем төлеу» параметрі бойынша Сараптамалық қорытынды бекітілді;
- «Салымдарды (депозиттерді) сақтандыру (кепілдік беру) жөніндегі ұйымның мандаты» Сараптамалық қорытындысының ревизиясы бекітілді;
- Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің халықтың салымдарын (депозиттерін) сақтандыру (кепілдік беру) жүйелерінің жұмыс істеуіне қатысты заңнаманы үйлестіру жөніндегі келісілген ұсыныстар талқыланды.
Іс-шараларға ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің депозиттерді сақтандыру (кепілдік беру) ұйымдарының және қаржы реттеушілерінің өкілдері, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері қатысты.