2025 жылғы 9 сәуірде заңнаманы үйлестіру жөніндегі Сараптамалық топтың отырысы өтті – ЕАЭО ақпараттық порталы Депозиттерді қорғау туралы

2025 жылғы 9 сәуірде заңнаманы үйлестіру жөніндегі Сараптамалық топтың отырысы өтті

09.04.2025 сағат 16:10

2025 жылғы 9 сәуірде Еуразиялық экономикалық комиссияның Қаржы нарықтары жөніндегі консультативтік комитеті жанындағы Еуразиялық экономикалық одақ аумағындағы кредиттік ұйымдардың банк салымдарын (депозиттерін) сақтандыру (кепілдік беру), тарату, қаржылай сауықтыру және банкроттық саласындағы заңнаманы үйлестіру жөніндегі сараптамалық топтың (бұдан әрі – Сараптамалық топ) отырысы өтті. Отырыс бейнеконференцбайланыс форматында өтті.

Сараптамалық топ отырысы барысында мүше мемлекеттердің банк салымдарын (депозиттерін) сақтандыру (кепілдік беру) саласындағы заңнамасын үйлестіруді жүзеге асыру, ЕАЭО аясындағы интеграциялық процестер және ортақ қаржы нарығын қалыптастыру мәселелері талқыланды. Қатысушылар «Өтінішті онлайн және өтінішсіз тәртіппен берген кезде өтем төлеу» параметрі бойынша Сараптамалық қорытындыны, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің халықтың салымдарын (депозиттерін) сақтандыру (кепілдік беру) жүйелерінің жұмыс істеуіне қатысты заңнаманы үйлестіру жөніндегі келісілген ұсыныстарды талқылауды жалғастырды.