2025 жылғы 22-23 сәуірде Ресей Федерациясында Еуразия өңірінің салымдарды сақтандырушыларына арналған практикалық семинар өтті – ЕАЭО ақпараттық порталы Депозиттерді қорғау туралы

2025 жылғы 22-23 сәуірде Ресей Федерациясында Еуразия өңірінің салымдарды сақтандырушыларына арналған практикалық семинар өтті

23.04.2025 сағат 14:30

Еуразия өңірі елдерінің салымдарды сақтандыру ұйымдарының өкілдері 2025 жылғы 22-23 сәуірде Нижний Новгородта «Салымдарды сақтандыру агенттігі» мемлекеттік корпорациясы (ССА) ұйымдастырған семинарда банк салымшылары мен кредиторларының мүдделерін қорғау тәжірибесімен бөлісті.

ССА бас директоры Андрей Мельниковтың айтуынша, мұндай семинарлар Еуразия өңіріндегі депозиттерді сақтандырушылардың практикалық іс-тәжірибелерін тереңдетіп зерделеуге ықпал етеді.

«Өтем төлеуді ұйымдастыру, агент банктерді іріктеу және депозиттерді сақтандыру жүйесінің қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі талқыланып отырған тақырыптар – елдерімізде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және салымшылардың жинақтарын қорғау жөніндегі шешімдерді іздеу тұрғысынан барынша өзекті және перспективті болып табылады».

ССА бас директоры Андрей Мельников

Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Сербия Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасының депозиттерді сақтандырушы ұйымдарының өкілдері семинардың баяндамашылары мен тыңдаушылары болды.