ЕАЭО елдерінде азаматтардың депозиттерді қорғау туралы хабардарлығын арттыру тақырыбында практикалық онлайн-семинар өтті
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің банк салымдарын (депозиттерін) сақтандыру (кепілдік беру) ұйымдары басшылары кеңесінің шешіміне сәйкес 2025 жылғы 4 наурызда бейнеконференцбайланыс форматында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің салымдарды (депозиттерді) сақтандыру (кепілдік беру) ұйымдарының қызметкерлері үшін «Депозиттерді сақтандырушылардың ақпараттық саясаты және салымдарды өтеуге кепілдік беру жүйесі мен оларды қорғау туралы азаматтардың хабардарлығын арттыру практикасы» тақырыбында практикалық семинар өтті.
Іс-шараны Арменияның салымдарды өтеуге кепілдік беру қоры мен Ресей Федерациясының Салымдарды сақтандыру агенттігі бірлесіп ұйымдастырды. Семинар қатысушылары өзара тәжірибе алмасып, қызықтырған сұрақтарды талқылады.
Ресей Федерациясының Салымдарды сақтандыру агенттігінің, Арменияның салымдарды өтеуге кепілдік беру қорының және Қырғыз Республикасының Депозиттерді қорғау агенттігінің өкілдері баяндама жасады.
«Цифрлық технологиялар – біздің міндеттерімізді шешудің оңтайлы жолы».
Қырғыз Республикасының Депозиттерді қорғау агенттігі атқарушы директорының орынбасары,
Нұрлан Мокушевич Байбосунов
Практикалық семинарға ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің депозиттерді сақтандырушыларының 40-тан астам қызметкері мен басшысы қатысты.