2025 жылғы 19 ақпанда Бішкекте Сараптамалық және Жұмыс топтарының, сондай-ақ Басшылар кеңесінің отырыстары өтті
Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы) 2025 жылғы 19 ақпанда Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) депозиттерді сақтандырушыларының халықаралық іс-шаралары, соның ішінде Депозиттерді сақтандырушылар басшылары кеңесінің, Үйлестіру жөніндегі сараптамалық топтың және Цифрландыру саласындағы өзара іс-қимыл жөніндегі жұмыс тобының отырыстары өтті.
Еуразиялық экономикалық комиссияның Қаржы нарықтары жөніндегі консультативтік комитеті жанындағы ЕАЭО аумағындағы кредиттік ұйымдардың банк салымдарын (депозиттерін) сақтандыру (кепілдік беру), тарату, қаржылай сауықтыру және банкроттық саласындағы заңнаманы үйлестіру жөніндегі сараптамалық топ қызметі аясында 2025 жылғы 19 ақпанда Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы) кезекті отырыс өтті, оның ұйымдастырушысы Қырғыз Республикасының Депозиттерді қорғау агенттігі болды.
Сараптамалық топ отырысы аясында күн тәртібінің мынадай мәселелері талқыланды:
- «Банк салымдарын (депозиттерін) сақтандыру (кепілдік беру) ұйымдарын қаржыландыру және салымдарды (депозиттерді) сақтандыру (кепілдік беру) қорын қалыптастыру көздері» сараптамалық қорытындысы (бастапқы ревизия);
- «Депозиттерді (салымдарды) сақтандыру (кепілдік беру) қорының қаражатын инвестициялау тәртібі» сараптамалық қорытындысы (бастапқы ревизия);
- «Салымдарды (депозиттерді) сақтандыру (кепілдік беру) қорының қаражатын пайдалану бағыттары» сараптамалық қорытындысы (бастапқы ревизия);
- «Депозиттерді сақтандырушының таратылатын банкке талап қою құқығы (қаражатты өндіріп алу)» сараптамалық қорытындысы (бастапқы ревизия);
- «Салымдарды (депозиттерді) сақтандыру ұйымының және сақтандырылған кредиторлар – жеке тұлғалардың талаптарын қанағаттандыру кезектілігі» сараптамалық қорытындысы (бастапқы ревизия);
- «Депозиттерді сақтандыру жүйесі туралы жұртшылықты хабардар ету» сараптамалық қорытындысы (бастапқы ревизия);
- «Өтінішті онлайн және өтінішсіз тәртіппен берген кезде өтем төлеу» сараптамалық қорытындысы (бастапқы қарау);
- Ортақ қаржы нарығын реттеуге арналған ұсыным.
Сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің депозиттерді сақтандырушыларын цифрландыру саласындағы өзара іс-қимыл жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Ресей Федерациясының Салымдарды сақтандыру агенттігінің мамандары электрондық қызметтердің үздіксіздігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің салымдарды сақтандыру ұйымдары басшылары кеңесінің отырысы өтті. Қатысушылар банк секторындағы және сақтандыру (кепілдік беру) жүйелеріндегі жағдай туралы ақпарат алмасты, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің қаржы нарықтары саласындағы заңнамасын үйлестіру мәселелерін және Цифрландыру саласындағы өзара іс-қимыл жөніндегі жұмыс тобының қызметін талқылады, сондай-ақ ЕАЭО-ның Депозиттерді қорғау туралы ақпараттық порталын пысықтау туралы айтты.
Іс-шараларға ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Өзбекстан Республикасының депозиттерді сақтандыру (кепілдік беру) ұйымдарының және қаржы реттеушілерінің өкілдері, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері қатысты.