ССА «Ресейдегі салымдарды сақтандыру жүйесіне 20 жыл» ақпараттық-ағартушылық бағдарламасының қорытындысын шығарды – ЕАЭО ақпараттық порталы Депозиттерді қорғау туралы

ССА «Ресейдегі салымдарды сақтандыру жүйесіне 20 жыл» ақпараттық-ағартушылық бағдарламасының қорытындысын шығарды

26.02.2025 сағат 16:22

«Салымдарды сақтандыру агенттігі» мемлекеттік корпорациясы (ССА) салымдарды сақтандыру жүйесінің 20 жылдығына арналған ақпараттық-ағартушылық бағдарламаның қорытындысын шығарды. Студенттік байқаудың финалистеріне жүлделер табыс етілген салтанатты іс-шара 2025 жылғы 26 ақпанда Мәскеуде өтті.

Азаматтардың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру үшін ССА ұйымдастырған мерейтойлық науқан өткен жыл бойы бүкіл ел бойынша өтті. Мемлекеттік Думада және сегіз университеттің алаңдарында «Салымдарды сақтандыру жүйесіне 20 жыл» мобильді көрмесі қойылды. Оған 30 мыңға жуық адам келді. Бағдарлама іс-шаралары Қиыр Шығыс, Оңтүстік, Сібір, Орал федералдық округтерінде және Мәскеуде өткізілді. Он жоғары оқу орнында Агенттік басшыларының салымдарды сақтандыру жүйесіне арналған ашық дәрістері өтті.

ССА-ның салымдарды сақтандыру жүйесін білуге арналған байқауы ағартушылық науқанның бір бөлігі болды. Оған Ресейдің 26 жоғары оқу орнының студенттері қатысты. Мерейтойлық бағдарламаның қорытындысын шығару кезінде ССА басшылары байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтады. Марапатталғандардың қатарында М.В. Ломоносов атындағы ММУ, РФ СІМ ММХҚИ (МГИМО), ММЗА (МГЮА), ВМУ, Президенттік академияның Вологда филиалының, ҚШФУ (ДВФУ), ОМУ, РФСУ (РГУП), И.М. Губкин атындағы РФ Мұнай және газ университетінің (ҰЗУ), СПбМУ студенттері бар.

Көрме өткен барлық университеттерде ССА мен «Знание» Ресей қоғамы зияткерлік ойындар топтамасын өткізді. Студенттер командалары қаржы тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап беріп, эрудициядан жарысты. Жеңімпаздар мен ең белсенді қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

«Салымдарды сақтандыру жүйесі үнемі дамып келеді, сақтандыру лимиті 20 жыл ішінде 14 есе өсті. Таяу болашақта оны ұзақ мерзімді салымдар бойынша 2,8 млн рубльге дейін ұлғайту жоспарлануда. Біз еліміздегі ірі жобаларды қаржыландыру үшін банк жүйесінде «ұзақ ақшаның» болғанына мүдделіміз».

Мемлекеттік Думаның Қаржы нарығы жөніндегі комитетінің төрағасы Анатолий Аксаков

Ресей Банкі төрағасының орынбасары — статс-хатшы Алексей Гузнов қаржылық ағарту бағдарламаларының маңыздылығы мен құндылығын атап өтті:

«Агенттік үлкен ақпараттық-ағартушылық жұмыс жүргізді. Аудиторияның ең белсенді бөлігі — экономиканың елеулі бөлігіне айналып келе жатқан жас буынның қамтылғаны өте керемет. 2003 жылдан бастап, яғни салымдарды сақтандыру жүйесі пайда болған сәттен бері ол тауашалық құралдан халықтың, шағын және орта бизнестің қаражатын қорғаудың толық ауқымды механизміне айналды. Ал ССА, жалпы алғанда, жинақтардың әртүрлі түрлерін, соның ішінде зейнетақы жинақтарын мегасақтандырушыға және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мен қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың маңызды факторына айналды».

Ресей Банкі төрағасының орынбасары Алексей Гузнов

ССА бас директоры Андрей Мельниковтың айтуынша, Агенттіктің ағартушылық бағдарламасы қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру стратегиясын іске асырудың флагманы — Ресей Банкінің қатысуынсыз және қамқорлығынсыз жүзеге аспас еді.

«Таяу болашақта біз серіктестерімізбен университеттердегі білім беру жобаларына назар аударуға ниеттіміз. Өйткені дәл осы жоғары білім беру жүйесі мемлекеттің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін кадрлық негізді қалыптастырады».

ССА бас директоры Андрей Мельников

Қаржылық сауаттылық экономика саласындағы жұмыстың ең өзекті екі бағытымен: инвестициялар тартумен және алаяқтыққа қарсы күреспен тікелей байланысты екенін Ресей банктері қауымдастығының президенті Анатолий Козлачков атап өтті.

«Жас буын қаржылық активтерді қалай басқару керектігін және алаяқтарға қалай қарсы тұру керектігін білуі тиіс. Бұл — ауқымды қызмет өрісі және мемлекет осыған үміт артады. Талпыныңыздар!»

Ресей банктері қауымдастығының президенті Анатолий Козлачков