2025 жылғы 21 қаңтарда заңнаманы үйлестіру жөніндегі Сараптамалық топтың отырысы өтті
2025 жылғы 21 қаңтарда Еуразиялық экономикалық комиссияның Қаржы нарықтары жөніндегі консультативтік комитеті жанындағы Еуразиялық экономикалық одақ аумағындағы кредиттік ұйымдардың банк салымдарын (депозиттерін) сақтандыру (кепілдік беру), тарату, қаржылай сауықтыру және банкроттық саласындағы заңнаманы үйлестіру жөніндегі сараптамалық топтың (бұдан әрі – Сараптамалық топ) отырысы өтті. Отырыс бейнеконференцбайланыс форматында өтті.
Сараптамалық топ отырысы барысында мүше мемлекеттердің банк салымдарын (депозиттерін) сақтандыру (кепілдік беру) саласындағы заңнамасын үйлестіруді жүзеге асыру, ЕАЭО шеңберіндегі интеграциялық процестер және ортақ қаржы нарығын қалыптастыру мәселелері талқыланды. «Таратылатын банктің активтерін басқару және оларды өткізу (сату)» параметрі бойынша сараптамалық қорытынды және Сараптамалық топтың 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Сонымен қатар қатысушылар «Терминдер сөздігі (глоссарий)» құжатын талқылауды жалғастырды.