Ресей Федерациясының Салымдарды сақтандыру агенттігі Исламдық қаржылық қызметтер кеңесінің (IFSB) қатысушысы атанды – ЕАЭО ақпараттық порталы Депозиттерді қорғау туралы

Ресей Федерациясының Салымдарды сақтандыру агенттігі Исламдық қаржылық қызметтер кеңесінің (IFSB) қатысушысы атанды

20.01.2025 сағат 13:29

«Салымдарды сақтандыру агенттігі» мемлекеттік корпорациясы (АСВ) 2024 жылғы 22 желтоқсанда Исламдық қаржылық қызметтер кеңесінің (IFSB) құрамына бақылаушы мүше ретінде қабылданды. АСВ өкілдері IFSB жұмыс топтарына, практикалық семинарлары мен зерттеу жобаларына қатыса алады, сондай-ақ Кеңестің басқа мүшелерімен исламдық (серіктестік) қаржыландыруды дамыту және исламдық (серіктестік) депозиттік өнімдерді сақтандыру мәселелері бойынша ынтымақтаса алады.

2025 жылдың басында Кеңеске 60 елден 193 қатысушы кірді.

Анықтама:

IFSB — исламдық қаржылық қызметтерді ұсыну тұрақтылығын қамтамасыз ететін реттеуші және қадағалау органдарын біріктіретін халықаралық ұйым. Ұйым 2002 жылы құрылған, штаб-пәтері Куала-Лумпурда (Малайзия) орналасқан. Ол исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша стандарттар, басшылыққа алынатын қағидаттар мен техникалық ұсынымдар шығарады.