Алматыда 2024 жылғы 23 қазанда ЕАЭО депозиттерді сақтандырушыларын цифрландыру жөніндегі Жұмыс тобының отырысы өтті – ЕАЭО ақпараттық порталы Депозиттерді қорғау туралы

Алматыда 2024 жылғы 23 қазанда ЕАЭО депозиттерді сақтандырушыларын цифрландыру жөніндегі Жұмыс тобының отырысы өтті

23.10.2024 сағат 16:30

Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттердің депозиттерді сақтандырушыларын цифрландыру саласындағы өзара іс-қимыл жөніндегі Жұмыс тобының қызметі шеңберінде 2024 жылғы 23 қазанда Алматы қаласында (Қазақстан Республикасы) он бірінші отырыс өтті, оның ұйымдастырушысы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры болды. Отырысқа ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің барлық салымдарды сақтандыру ұйымдарының өкілдері қатысты.

Ресей Федерациясының Салымдарды сақтандыру агенттігі мен Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының өкілдері банктің уақытша әкімшілігі жұмысы, оны тарату және банкроттық кезеңінде, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған банктерде ақпараттық кіші жүйелерді пайдалану тақырыбында баяндама жасады.