Алматыда 2024 жылғы 22 қазанда Заңнаманы үйлестіру жөніндегі сараптамалық топтың отырысы өтті – ЕАЭО ақпараттық порталы Депозиттерді қорғау туралы

Алматыда 2024 жылғы 22 қазанда Заңнаманы үйлестіру жөніндегі сараптамалық топтың отырысы өтті

22.10.2024 сағат 17:30

Еуразиялық экономикалық комиссияның Қаржы нарықтары жөніндегі консультативтік комитеті жанындағы Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) аумағындағы банк салымдарын (депозиттерін) сақтандыру (кепілдік беру), кредиттік ұйымдарды тарату, қаржылық сауықтыру және банкроттық саласындағы заңнаманы үйлестіру жөніндегі сараптамалық топтың қызметі шеңберінде 2024 жылғы 22 қазанда Алматы қаласында (Қазақстан Республикасы) кезекті отырыс өтті, оның ұйымдастырушысы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры болды. Отырысқа Еуразиялық экономикалық комиссияның, ЕАЭО елдерінің депозиттерді қорғау ұйымдарының, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің қаржы реттеушілерінің өкілдері қатысты.

Сараптамалық топ отырысы аясында келесі мәселелер талқыланды:

  • «Банктердің салымдарды сақтандыру жүйесіне мүшелігі» сараптамалық қорытындысы (алғашқы қарау);
  • «Салымдарды сақтандыру жүйесіне қатысушы банктер жарналарының түрлері және оларды Депозиттерді сақтандыру қорына айқындау мен төлеу тәртібі» сараптамалық қорытындысы (алғашқы қарау);
  • «Салымдарды (депозиттерді) сақтандыру (кепілдік беру) жүйесіне қатысушы банктердің жарналар мөлшерін азайту және/немесе жарналарды төлеуін тоқтата тұру мүмкіндігі» сараптамалық қорытындысы (алғашқы қарау);
  • «Депозиттерді сақтандыру қорының нысаналы мөлшері» сараптамалық қорытындысы (алғашқы қарау);
  • «Таратылатын банктің активтерін басқару және оларды өткізу (сату)» сараптамалық қорытындысы (қайта қарау);
  • «“АСВ” МК-да ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйелерінің жұмыс істеуі бойынша халықаралық практикаларды қолдану» баяндамасы;
  • «Терминдер сөздігі (глоссарий)» құжаты (қайта қарау);
  • Сараптамалық топтың 2025 жылға арналған жұмыс жоспары.