Алматыда 2024 жылғы 23 қазанда Халықаралық конференция және Басшылар кеңесінің отырысы өтті – ЕАЭО ақпараттық порталы Депозиттерді қорғау туралы

Алматыда 2024 жылғы 23 қазанда Халықаралық конференция және Басшылар кеңесінің отырысы өтті

23.10.2024 сағат 18:00

Қазақстан Республикасының депозиттерге кепілдік беру жүйесінің 25 жылдығына арналған халықаралық іс-шаралар шеңберінде 2024 жылғы 23 қазанда Алматы қаласында Халықаралық конференция және ЕАЭО елдерінің салымдарды (депозиттерді) сақтандыру (кепілдік беру) ұйымдары Басшылары кеңесінің отырысы өтті.

Іс-шаралардың ұйымдастырушысы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) болды.

Халықаралық конференцияға қатысушылар қаржылық қауіпсіздіктің орнықты архитектурасын қалыптастырудағы депозиттерді сақтандырушылардың рөлін, сондай-ақ депозиттерді сақтандырушылардың активтерін инвестициялық басқаруды талқылады.

Басшылар кеңесінің отырысында ЕАЭО елдерінің депозиттерді сақтандыру (кепілдік беру) ұйымдарының басшылары банк секторындағы және сақтандыру (кепілдік беру) жүйелеріндегі ахуал туралы ақпарат алмасты, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің қаржы нарықтары саласындағы заңнаманы үйлестіру мәселелерін, сондай-ақ 2025 жылы күндізгі және сырттай іс-шараларды өткізу жөніндегі жоспарларды талқылады.
Іс-шараларға ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттер мен Өзбекстан Республикасының депозиттерді сақтандыру (кепілдік беру) ұйымдарының, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің қаржы реттеушілерінің, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері қатысты.