Заңнаманы үйлестіру жөніндегі сараптамалық топтың отырысы өтті – ЕАЭО ақпараттық порталы Депозиттерді қорғау туралы

Заңнаманы үйлестіру жөніндегі сараптамалық топтың отырысы өтті

25.09.2024 сағат 16:35

Еуразиялық экономикалық комиссияның Қаржы нарықтары жөніндегі консультативтік комитеті жанындағы Еуразиялық экономикалық одақ аумағындағы банк салымдарын (депозиттерін) сақтандыру (кепілдік беру), кредиттік ұйымдарды тарату, қаржылық сауықтыру және банкроттық саласындағы заңнаманы үйлестіру жөніндегі сараптамалық топтың (бұдан әрі – Сараптамалық топ) отырысы 2024 жылғы 25 қыркүйекте бейнеконференцбайланыс форматында өтті.

Сараптамалық топ отырысы барысында мүше мемлекеттердің банк салымдарын (депозиттерін) сақтандыру (кепілдік беру) саласындағы заңнамасын үйлестіруді жүзеге асыру, ЕАЭО шеңберіндегі интеграциялық процестер және ортақ қаржы нарығын қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Отырыс аясында бұрын бекітілген сараптамалық қорытындылардың қайта қаралған нұсқалары келісілді:

  • «Салымшының өтем алу үшін өтініш беруге құқығы бар мерзім»;
  • «Төлемді бастау мерзімі және салымшылар тізіліміне қол жеткізу мерзімі»;
  • «Банктер қайта ұйымдастырылған жағдайда бөлек сақтандыру (кепілдік) қорғауды белгілі бір мерзімге ұзарту тетіктері»;
  • «Өтем төлеу үшін агент банктерді іріктеу».