ЕАЭО депозиттерді сақтандырушыларын цифрландыру жөніндегі Жұмыс тобының тоғызыншы отырысы өтті
2024 жылғы 26 маусымда бейнеконференция байланысы форматында Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) депозиттерді сақтандырушыларын цифрландыру саласындағы өзара іс-қимыл жөніндегі жұмыс тобының тоғызыншы отырысы өтті. Жұмыс тобының отырысы шеңберінде Ресей Федерациясының «Салымдарды сақтандыру агенттігі» мемлекеттік корпорациясы (Ресей Федерациясының агенттігі) және Арменияның салымдарды өтеуге кепілдік беру қоры (Армения Республикасының қоры) өтініштерді беру және сақтандыру өтемін онлайн төлеу құралдарын енгізу тәжірибесімен бөлісті.
Ресей Федерациясы агенттігінің өкілдері 2024 жылғы наурыздан бастап салым бойынша сақтандыру өтемін алуға өтінішті Ресей Федерациясы агенттігінің сайтында немесе ресейлік «Госуслуги» порталында қашықтан беруге болатыны туралы айтты. Ресей Федерациясының агенттігі қаражатты салымшыға оның өтінішінде көрсетілген банк шотының деректемелері бойынша аударады, бұл ретте «Мир» төлем жүйесі карталарының иелері төлемді карта нөмірі бойынша ала алады. Қызмет салымшылардың барлық санаттарына қолжетімді.
Армения Республикасы қорының өкілдері сақтандыру төлемдерін ішінара автоматтандыруға арналған сайттың әзірленгені туралы хабарлады, ол салымшыларға сақтандыру өтемін төлеу кезінде Армения Республикасының қоры мен агент-банктер арасында байланыс арнасы функциясын жүзеге асыратын болады. Армения Республикасында сақтандыру өтемін төлеу қолма-қол ақша нысанында немесе салымшы көрсеткен шотқа аудару жолымен мүмкін болады.
Жұмыс тобының отырысына Беларусь Республикасынан, Қазақстан Республикасынан және Қырғыз Республикасынан депозиттерді сақтандыру (кепілдік беру) ұйымдарының өкілдері де қатысты.