РФ-да салымдар бойынша сақтандыру өтемін енді онлайн алуға болады – ЕАЭО ақпараттық порталы Депозиттерді қорғау туралы

РФ-да салымдар бойынша сақтандыру өтемін енді онлайн алуға болады

29.03.2024 сағат 11:52

2024 жылғы 19 наурыздан бастап салым бойынша сақтандыру өтемін алуға өтінішті «Салымдарды сақтандыру агенттігі» (АСВ) мемлекеттік корпорациясының сайтында немесе Бірыңғай мемлекеттік қызметтер порталының («Госуслуги») көмегімен қашықтан беруге болады.

Бұл «Ресей Федерациясының банктеріндегі салымдарды сақтандыру туралы» Федералдық заңға енгізілген өзгерістер күшіне енгеннен кейін мүмкін болды.

Агенттік қаражатты салымшыға оның өтінішінде көрсетілген банк шотының деректемелері бойынша аударатын болады. «Мир» ұлттық төлем жүйесі карталарының иелері деректемелерді көрсетпей-ақ өтініш бере алады. Қаражат карта нөмірі бойынша аударылады.

Қызмет салымшылардың барлық санаттарына қолжетімді.

Қашықтан төлеу форматы қолайсыз азаматтар, бұрынғыдай, уәкілетті банк-агентке немесе АСВ кеңсесіне жеке жүгінген кезде сақтандыру өтемін ала алады.

Сонымен қатар, «Салымдарды сақтандыру агенттігі» (АСВ) мемлекеттік корпорациясының сайтында АСВ-ға берілген өтініштің мәртебесін тексеруге болатын сервис іске қосылды.

Ол сақтандыру өтемін төлеуге өтініштің, несие берушінің талабын ұсынудың, анықтама алуға сұрау салудың және басқа да өтініштердің мәртебесін нақтылауға мүмкіндік береді. Сервисті келесі жолдармен жүгінген жеке және заңды тұлғалар пайдалана алады:

— АСВ сайты арқылы;

— электрондық пошта арқылы;

— Ресей поштасымен;

— АСВ кеңсесіне жеке.