Табыс тарихы: Ресейдің салымдарды сақтандыру жүйесіне 20 жыл» атты халықаралық конференция өтті – ЕАЭО ақпараттық порталы Депозиттерді қорғау туралы

Табыс тарихы: Ресейдің салымдарды сақтандыру жүйесіне 20 жыл» атты халықаралық конференция өтті

02.02.2024 сағат 12:05

Мәскеуде ұйымдастырушысы «Салымдарды сақтандыру агенттігі» (АСВ) мемлекеттік корпорациясы болған «Табыс тарихы: Ресейдің салымдарды сақтандыру жүйесіне 20 жыл» атты халықаралық конференция өтті.

Іс-шарағазаң шығарушы және атқарушы билік, банк және сарапшылар қоғамдастығының, ЕАЭО-ның барлық елдерін қоса алғанда, 20 елден депозиттерді сақтандырушы ұйымдардың өкілдері қатысты.

Конференцияның басты тақырыбы салымшылардың жинақтарын қорғау тетіктерін жетілдіру болды.

«Ресей Федерациясы Үкіметінің және Ресей Банкінің жоспарлы жұмысы банк секторында тепе-теңдікке қол жеткізуге, сыртқы күйзелістер жағдайында Ресейдің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бұл Ресей Федерациясының қаржылық егемендігінің және азаматтардың әл-ауқатын арттырудың шарты болып табылады».

Ресей Федерациясы Қаржы министрінің орынбасары Алексей Моисеев

«АСВ қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз етуге тікелей қатысады. Агенттік бұдан әрі де жаңа сын-қатерлерге тиімді ден қояды деп сенемін».

Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі Төрағасының орынбасары Николай Журавлев

Ресей Банкі Төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Тулин қоғамның банк жүйесіне деген сенімін қалыптастыру үшін салымдарды сақтандыру жүйесінің маңызды рөліне назар аударды.

«20 жыл ішінде салымдар бойынша сақтандыру өтемінің стандартты лимиті 10 еседен астам өсіп, 1,4 млн рубльге дейін жетті. Бүгінгі таңда 60 трлн рубль сомасындағы салымдар мен шоттар мемлекет қорғауында тұр».

АСВ Бас директоры Андрей Мельников

Өз кезегінде, Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақытжан Сағынтаев практикалық тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті:

«ЕЭК және АСВ өкілдерінің тұрақты өзара іс-қимылының жақсы тәжірибесі қалыптасты. Бұл өзара іс-қимылдың практикалық маңызы зор және ортақ қаржы нарығын қалыптастыру кезіндегі ең өзекті сұраныстардың біріне — салымшылардың қауіпсіздігіне сай келеді».

ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақытжан Сағынтаев

Іс-шара 2024 жылғы 31 қаңтар — 1 ақпан аралығында өтті.