Қазанда ЕАЭО депозиттерді сақтандырушыларын цифрландыру жөніндегі жұмыс тобының 2026 жылғы екінші отырысы өтті
Ресей Федерациясы, Қазан қаласында 2026 жылғы 24 маусымда бетпе-бет форматта Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) депозиттерді сақтандырушыларын цифрландыру саласындағы өзара іс-қимыл жөніндегі жұмыс тобының он тоғызыншы отырысы өтті.
Отырысқа қатысушылар міндеттемелер тізілімдерін, кредиторлар талаптарының тізілімдерін дайындау, сондай-ақ оларды тексеру, түзету және тізілімдегі сәйкестендіру деректерін өзектендіру мәселелерін талқылады. Бұл саладағы өз тәжірибелерімен Беларусь Республикасының Жеке тұлғалардың банктік салымдарының (депозиттерінің) қайтарылуын кепілдендіру жөніндегі агенттігінің және Ресей Федерациясының Салымдарды сақтандыру агенттігінің өкілдері бөлісті.
Бұдан бөлек, Жұмыс тобының қатысушылары дөңгелек үстел форматында депозиттерді сақтандырушылардың жұмысына жасанды интеллект технологияларын енгізу перспективаларын талқылауды жалғастырды.