Еуразия өңірінің депозиттерді сақтандырушыларына арналған практикалық семинар 2026 жылғы 23-25 маусымда Ресей Федерациясында өтті. – ЕАЭО ақпараттық порталы Депозиттерді қорғау туралы

Еуразия өңірінің депозиттерді сақтандырушыларына арналған практикалық семинар 2026 жылғы 23-25 маусымда Ресей Федерациясында өтті.

03.07.2026 сағат 12:29

Еуразия өңірі елдерінің депозиттерді сақтандыру ұйымдарының өкілдері 2026 жылғы 23-25 маусымда Татарстан Республикасы, Қазан қаласында Ресей Федерациясының Салымдарды сақтандыру агенттігі ұйымдастырған практикалық семинарда банктердің төлем қабілетсіздігін реттеу және оларды тарату саласындағы тәжірибелерімен бөлісті.​

Практикалық семинарда 4 панельдік сессия өткізілді.​

1-сессия «Банктерді сауықтыру: халықаралық стандарттар мен практика» шеңберінде келесі елдік баяндамалар тыңдалды:​

  1. «Банктердің төлем қабілетсіздігін реттеудің халықаралық стандарттары (FSB, IADI, EU)» (баяндамашы — Қырғыз Республикасының Депозиттерді қорғау агенттігі);​
  2. «ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердегі банктерді сауықтыру жөніндегі заңнаманы салыстырмалы талдау» (баяндамашы — Еуропалық экономикалық комиссия);​
  3. «Қаржылық сауықтыру кезіндегі реттеушінің рөлі мен өкілеттіктері: оңтайлы модельді іздеу» (баяндамашы — Қазақстанның депозиттерді кепілдендіру қоры);​
  4. «Қатысушы банктердің тәуекелдерін бағалау негізінде сараланған жарналарды есептеу әдістемесін әзірлеу» (баяндамашылар — Ресей Федерациясының Салымдарды сақтандыру агенттігі және Армения Республикасының Орталық банкі).​

2-сессия «Сауықтыру, санациялау және қайта құрылымдау: төлем қабілетсіздігін реттеу жөніндегі органдардың өкілеттіктері» шеңберінде келесі елдік баяндамалар қаралды:​

  1. «Қаржылық сауықтыруға мемлекеттің қатысу тетіктері. Банктің төлем қабілетсіздігін реттеудің үлгілік жоспарын әзірлеу (рекапитализациялау, активтер мен міндеттемелерді қайта құрылымдау және т.б.)» (баяндамашы — Ресей Федерациясының Салымдарды сақтандыру агенттігі);​
  2. «Банктерді және басқа да ұйымдарды санациялау, қайта құрылымдау кезіндегі сыртқы басқарушылардың өкілеттіктері. Банктерді және басқа да қаржы ұйымдарын санациялау, қайта құрылымдау кезіндегі меншік иелерінің, басқару органдарының және кредиторлардың құқықтарын негізгі шектеулер» (баяндамашы — Ресей Федерациясының Салымдарды сақтандыру агенттігі).

3-сессия «Банктерді және ҚҚҰ-ны тарату, санациялау, қайта құрылымдау тәжірибесі» шеңберінде келесі елдік баяндамалар тыңдалды:​

  1. «Депозиттерді сақтандырушылардың дағдарысқа қарсы басқарушы функцияларын орындау кезінде үшінші тұлғалармен, соның ішінде аутсорсингтік ұйымдармен, сондай-ақ мамандарды тарту мақсатында өзара іс-қимыл жасау практикасы» (баяндамашы — Ресей Федерациясының Салымдарды сақтандыру агенттігі);​
  2. «Депозиттерді сақтандырушының қалыптасқан практикасын жетілдіруге негіб болған сот және құқық қолдану практикасынан алынған практикалық кейстер» (баяндамашылар — Беларусь Республикасының Жеке тұлғалардың банктік салымдарының (депозиттерінің) қайтарылуын кепілдендіру жөніндегі агенттігі, Қазақстанның депозиттерді кепілдендіру қоры және Ресей Федерациясының Салымдарды сақтандыру агенттігі).

4-сессия «Депозиттерді сақтандырушыларды қолдау бөлімшелерінің қызметін автоматтандыру және оның тиімділігін арттыру» шеңберінде Ресей Федерациясының Салымдарды сақтандыру агенттігінің, Қазақстанның депозиттерді кепілдендіру қорының, Қырғыз Республикасының Депозиттерді қорғау агенттігінің, сондай-ақ Сербия Республикасының Депозиттерді қорғау агенттігінің өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісті.​

Практикалық семинарға ЕАЭО елдерінің, Тәжікстан Республикасының, Сербия Республикасының, Өзбекстан Республикасының депозиттерді сақтандырушыларының өкілдері, сондай-ақ Еуропалық экономикалық комиссияның және Абхазия Республикасы мен Армения Республикасы ұлттық банктерінің өкілдері қатысты.