2026 жылы ЕАЭО депозиттерін сақтандырушыларды цифрландыру жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті. – ЕАЭО ақпараттық порталы Депозиттерді қорғау туралы

2026 жылы ЕАЭО депозиттерін сақтандырушыларды цифрландыру жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.

03.04.2026 сағат 14:24

​Бейнеконференция форматында 2026 жылғы 31 наурызда Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) депозиттерді сақтандырушыларын цифрландыру саласындағы өзара іс-қимыл жөніндегі Жұмыс тобының он сегізінші отырысы өтті.​

Отырысқа қатысушылар жұртшылықты салымдарды сақтандыру жүйесі туралы ақпараттандырудың цифрлық тәсілдері мен құралдарын қолдану мәселелерін талқылады. Бұл саладағы тәжірибелерімен Қырғыз Республикасының Депозиттерді қорғау жөніндегі агенттігінің және Ресей Федерациясының Салымдарды сақтандыру жөніндегі агенттігінің өкілдері бөлісті.​

Бұдан бөлек, Жұмыс тобына қатысушылар Жұмыс тобының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын пысықтады және келесі отырыстың күн тәртібін талқылады.