2026 жылы үйлестіру жөніндегі сараптамалық топтың бірінші отырысы өтті
30.03.2026 сағат 13:16
2026 жылғы 26 наурызда бейнеконференция форматында Еуразиялық экономикалық комиссияның Қаржы нарықтары жөніндегі консультативтік комитеті жанындағы Еуразиялық экономикалық одақ аумағында банк салымдарын (депозиттерін) сақтандыру (кепілдік беру), кредиттік ұйымдарды тарату, қаржылық сауықтыру және банкроттық саласындағы заңнаманы үйлестіру жөніндегі Сарапшылық топтың кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында Сарапшылық топтың мүшелері:
- Сарапшылық топтың 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын пысықтады;
-
2026 жылғы сараптамалық қорытындыларға ревизия жүргізу жоспарын келісті;
- 2026 жылғы 13-14 мамырда Минск қаласында (Беларусь Республикасы) өтетін Сарапшылық топ отырысының күн тәртібін келісті;
- 2026 жылы Сарапшылық топтың Еуразиялық экономикалық комиссияның Қаржы нарықтары жөніндегі консультативтік комитеті жанындағы Қаржы саласындағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының банк секторы бойынша кіші тобымен өзара іс-қимылын талқылады.