2025 жылғы қарашада үйлестіру жөніндегі Сараптамалық топтың отырыстары өтті – ЕАЭО ақпараттық порталы Депозиттерді қорғау туралы

2025 жылғы қарашада үйлестіру жөніндегі Сараптамалық топтың отырыстары өтті

12.11.2025 сағат 12:47

Бейнеконференция форматында 2025 жылғы 11 және 12 қарашада Еуразиялық экономикалық комиссияның Қаржы нарықтары жөніндегі консультативтік комитеті жанындағы Еуразиялық экономикалық одақ аумағындағы кредиттік ұйымдардың банк салымдарын (депозиттерін) сақтандыру (кепілдік беру), тарату, қаржылай сауықтыру және банкроттық саласындағы заңнаманы үйлестіру жөніндегі сараптамалық топтың (бұдан әрі – Сараптамалық топ) кезекті отырыстары өтті.

Сараптамалық топ отырысы барысында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің салымдарды сақтандыру жүйелеріне қойылатын талаптар саласындағы заңнамасын үйлестіру жөніндегі келісілген ұсыныстардың кіріспе бөлігі мен жалпы құрылымы келісілді. Сонымен қатар Сараптамалық топ қатысушылары 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады.