Жұмыс топ – ЕАЭО ақпараттық порталы Депозиттерді қорғау туралы

Жұмыс топ

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің салымдарды (депозиттерді) сақтандыру (кепілдік беру) ұйымдарының ақпараттық технологиялар саласындағы өзара іс-қимылын дамыту мәселелері жөніндегі дөңгелек үстелдің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 1 хаттамасына сәйкес ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің депозиттерді сақтандырушы ұйымдары басшыларының кеңесі жанынан Цифрландыру, автоматтандыру және ақпараттық технологиялар саласындағы өзара іс-қимыл жөніндегі жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобының бірінші отырысы 2023 жылғы 28 ақпанда бейнеконференция форматында өтті. 2023-2026 жылдар аралығында 18 отырыс өтіп, 21 әртүрлі тақырып қаралды (2026 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша).

Жұмыс тобы талдамалық және әдіснамалық жұмыстармен айналысады, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің банк салымдарын (депозиттерін) сақтандыру (кепілдік беру) ұйымдарының қызметіндегі цифрландыру, автоматтандыру және ақпараттық технологиялар бағыты бойынша өзара іс-қимылды дамытады және ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.

Жұмыс тобының отырыстарында қаралған мәселелер


р/с
Тақырыбы Баяндама
дайындаған ел
Қарау
күні
1. Интернет желісіне қолжетімділікті ұйымдастыру Ресей Федерациясы 28.02.2023
2. «Салымдарды өтеу жүйесінің ақпаратын қорғау жүйесіне қойылатын өзекті талаптар» Беларусь Республикасы 14.06.2023
3. «Артықшылықты рұқсатты қорғауды қамтамасыз ету» Қазақстан Республикасы 14.06.2023
4. «Нөлдік сенім архитектурасы деректердің жылыстауын болдырмаудың
және қауіптерден қорғаудың ең тиімді тәсілі ретінде»
Ресей Федерациясы 14.06.2023
5. Салымдарды (депозиттерді) сақтандыру (кепілдік беру) ұйымдарының қызметіндегі машиналық оқыту және нейрожелілер Қырғыз Республикасы,
Ресей Федерациясы
14.09.2023
6. Орталық банктердің цифрлық валюталары: жоспарлар мен перспективалар Ресей Федерациясы,
Беларусь Республикасы,
Қазақстан Республикасы
14.09.2023
7. IT процестерін ұйымдастыру: тапсырма қоюдан бастап оны іске асыруға дейін Қазақстан Республикасы,
Армения Республикасы,
14.09.2023
8. Салымдарды (депозиттерді) сақтандыру (кепілдік беру) ұйымының мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етілуі – қораптық шешімдер немесе жеке әзірлеме Қырғыз Республикасы,
Ресей Федерациясы
14.09.2023
9. Электрондық құжат айналымы: ұйым ішінде
және контрагенттермен
Ресей Федерациясы,
Қазақстан Республикасы,
Қырғыз Республикасы,
20.03.2024
10. ЭҚАЖ (СЭД) міндеттерін іске асыру үшін
Tessa платформасын пайдалану
Ресей Федерациясы 17.04.2024
11. Өтем төлеуге онлайн өтініш беру құралдары, сақтандыру өтемін онлайн төлеу, өтініш беруші салымшыларды сәйкестендіру тәсілдері Ресей Федерациясы,
Армения Республикасы
26.06.2024
12. Корпоративтік деректер қоймасының (КДҚ) архитектурасына тәсілдер, салымдарды сақтандыру ұйымының клиенттерімен және қызметтерін тұтынушылармен цифрлық коммуникациялардың бірыңғай платформаларын пайдалану Ресей Федерациясы 14.08.2024
13. Деректерді басқару: MDM, клиенттің цифрлық профилі, деректер домендерін басқару Ресей Федерациясы 14.08.2024
14. Банктің уақытша әкімшілігінің жұмысы, оны тарату және банкроттық кезеңінде, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған банктерде ақпараттық кіші жүйелерді пайдалану Ресей Федерациясы,
Қазақстан Республикасы
23.10.2024
15. Электрондық қызметтердің қолжетімділігінің үздіксіздігін қамтамасыз ету. Сервис деңгейі Қырғыз Республикасы,
Ресей Федерациясы
19.02.2025
16. Өтемді онлайн төлеу Беларусь Республикасы,
Ресей Федерациясы
23.04.2025
17. Депозиттерді сақтандырушының қызметіндегі ЖИ технологиялары: алғашқы жобалар Ресей Федерациясы 23.04.2025
18. Банктердің төлем қабілеттілігінің жай-күйін талдау, Агенттіктердің мақсаттары үшін тәуекелдерді анықтау және бағалау (күнтізбелік жарналарды төлеу, қаржылық жағдайдың нашарлау ықтималдығын бағалау) үшін ақпараттық жүйелер Беларусь Республикасы 13.08.2025
19. Кадрлық жүйені цифрландыру Ресей Федерациясы 21.10.2025
20. Депозиттерге кепілдік беруші ұйымдарды цифрландыру тақырыбы бойынша IADI/EFDI жарияланымдары Армения Республикасы,
Қырғыз Республикасы
10.12.2025
21. Салымдарды сақтандыру жүйесі туралы жұртшылықты хабардар етудің цифрлық тәсілдері мен құралдары Қырғыз Республикасы
Ресей Федерациясы
31.03.2026