Қазақстан Республикасының депозиттерді қорғау туралы заңнамасы – ЕАЭО ақпараттық порталы Депозиттерді қорғау туралы

Қазақстан Республикасының депозиттерді қорғау туралы заңнамасы

«Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 169-III Қазақстан Республикасының Заңы

Заң депозиторлардың – жеке тұлғалардың, оның ішінде дара кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауға бағытталған және ислам банктерінде (Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдарында) орналастырылған талап етілгенге дейінгі пайызсыз депозиттерді және инвестициялық депозиттерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында) орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін, «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ құру және оның қызметі, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарының) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібін, сондай-ақ жүйеге қатысушылардың өзара іс-қимылының өзге де мәселелерін айқындайды.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444 Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасы банк жүйесінің қызметін айқындайтын және реттейтін негізгі заң. Заң екінші деңгейдегі банктерді (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын) құру және олардың банк қызметін жүзеге асыру, есеп жүргізу және есептілікті ұсыну, аудиттен өту тәртібін, сондай-ақ оларды қайта ұйымдастыру және тарату тәртібін регламенттейді. Сонымен қатар, Заңда қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және дәрменсіз банктерді реттеу жөніндегі шаралар және банк қызметтерін тұтынушыларды қорғау жөніндегі шаралар көзделген. Атап айтқанда, Заңда Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері депозиторларының мүдделерін қорғау мақсатында депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі құрылатыны айқындалған.