Беларусь Республикасының Жеке тұлғалардың банк салымдарына (депозиттеріне) кепілдік берілген өтемақы жөніндегі агенттігі – ЕАЭО ақпараттық порталы Депозиттерді қорғау туралы

Беларусь Республикасының Жеке тұлғалардың банк салымдарына (депозиттеріне) кепілдік берілген өтемақы жөніндегі агенттігі

Беларусь Республикасындағы банк салымдарына (депозиттеріне) кепілдік берілген өтемақы жүйесі жеке тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, халықтың жинақ ақшасын тартуды ынталандыру және Беларусь Республикасының банк жүйесіне деген сенімді нығайту мақсатында Жеке тұлғалардың банк салымдарына (депозиттеріне) кепілдік берілген өтемақы жөніндегі агенттік (бұдан әрі – Агенттік), банктер мен банктік емес кредит-қаржы ұйымдары және жеке тұлғалар арасындағы жеке тұлғалардың банк салымдарына (депозиттеріне) кепілдік берілген өтемақы мәселелері жөніндегі өзара қарым-қатынас жүйесін білдіреді.

Банкпен бір немесе одан да көп банк шоты және (немесе) банк салымы (депозиті) шарттарын жасасқан немесе атына осындай шарттар жасалған жеке тұлғалар (Беларусь Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар), оның ішінде дара кәсіпкер ретінде әрекет ететіндер, сондай-ақ олардың мұрагерлері банк салымдарын (депозиттерін) **өтеу субъектілері** болып табылады.

Агенттікте есепке алынған банктердегі жеке тұлғалардың шоттарында және (немесе) салымдарында (депозиттерінде) орналастырылған беларусь рубліндегі және шетел валютасындағы ақша қаражаты банк салымдарын (депозиттерін) **өтеу объектілері** болып табылады.

Беларусь Республикасының банктерінде және банктік емес кредит-қаржы ұйымдарындағы шоттарда және (немесе) салымдарда (депозиттерде) орналастырылған жеке тұлғалардың ақша қаражатының сақталуын мемлекет атынан Агенттік қамтамасыз етеді, ол осы мақсаттарда өзінің резервін қалыптастыру үшін банктердің міндетті жарналарын шоғырландыруды, резервті басқаруды жүзеге асырады және заңнамада көзделген жағдайларда, тәртіппен, шарттарда және мөлшерлерде жеке тұлғаларға банк салымдары (депозиттері) бойынша өтемақы төлеуді қамтамасыз етеді.

Агенттік 2008 жылғы 21 қарашада Беларусь Республикасы Министрлер Кеңесі және Ұлттық банкі тарапынан Беларусь Республикасының атынан мемлекеттік мекеме нысанында құрылды (коммерциялық емес ұйымды мемлекеттік тіркеу туралы 2008 жылғы 21 қарашадағы № 0179639 куәлік).

Агенттіктің негізгі мақсаттары:

салымшылардың құқықтары мен заңды мүдделерін, олардың банктерде және банктік емес кредит-қаржы ұйымдарында орналастырылған беларусь рубліндегі және шетел валютасындағы ақша қаражатының сақталуын қорғау, жинақ ақшаны тартуды ынталандыру және банк жүйесіне деген сенімді нығайту.

Агенттік қызметінің мәні:

жеке тұлғаларға банк салымдары (депозиттері) бойынша өтемақы төлеуді қамтамасыз ету, Агенттіктің осындай өтемақыны төлеуге арналған резервін қалыптастыру үшін банктер мен банктік емес кредит-қаржы ұйымдарының міндетті жарналарын шоғырландыру және оны басқару.

Агенттіктің негізгі міндеттері:

жеке тұлғалардың банк салымдарына (депозиттеріне) кепілдік берілген өтемақыны қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау, жеке тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз ету және экономикаға қосымша инвестициялар тарту мақсатында жеке тұлғалардың Беларусь Республикасының банк жүйесіне деген сенімін нығайту.

Негізгі міндеттерге сәйкес Агенттік банк салымдары (депозиттері) бойынша өтемақы төлеуді қамтамасыз етеді, жеке тұлғалар талаптарының тізілімін жүргізеді, банктерді есепке алады, олардың тізілімін жүргізеді, күнтізбелік жарналарды есептеуді жүзеге асыру мақсатында банктер жататын тәуекел топтарын айқындайды, банктердің міндетті жарналарды аудару уақтылығы мен толықтығын тексереді, резервтің уақытша бос ақша қаражатын орналастырады, Беларусь Республикасы Ұлттық банкінің шешімі бойынша банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік функцияларын және экономикалық істерді қарайтын соттың шешімі бойынша банктің банкроттық рәсімін жүзеге асыру кезінде дағдарысқа қарсы басқарушы функцияларын және «Жеке тұлғалардың банк салымдарына (депозиттеріне) кепілдік берілген өтемақы туралы» Беларусь Республикасының 08.07.2008 жылғы № 369-З Заңымен және Жарғымен Агенттікке жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

Банк салымдарына (депозиттеріне) кепілдік берілген өтемақының қолданыстағы жүйесі жеке тұлғаның дара кәсіпкер ретінде орналастырған қаражатын қоспағанда, жеке тұлғалардың ақша қаражатын банк салымдарына (депозиттеріне) тарту жөніндегі банк операциясын жүзеге асыруға құқық беретін банктік қызметті жүзеге асыруға арналған арнайы рұқсаты (лицензиясы) тұтастай не осы банк операциясын жүзеге асыру бөлігінде қайтарып алынған банктегі шоттарда және салымдарда орналастырылған жеке тұлғалардың қаражатын толық (жүз пайыздық) өтеуді көздейді.

Дара кәсіпкерлер үшін бір банкте орналастырылған қаражат бойынша төлемдерді жүз мың беларусь рублінің баламасы сомасымен шектеу көзделген.

Бұл ретте шетел валютасындағы салымдар бойынша өтемақы төлеу салым валютасында не салымшының қалауы бойынша – беларусь рублімен жүзеге асырылады.

Агенттікте халықтың ақша қаражатын салымдарға (депозиттерге) тартуға Беларусь Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар Беларусь Республикасының барлық банктері есепте тұрады.

Агенттіктің сенімді қорғауында 15 жыл (adc.by)